Қош келдіңіз Тіркелу RSS

Жарқын Шәкәрім | Авторлық сайт

Дүйсенбі, 28.05.2018
Басты бет » Жаңалықтар
« 1 2 3 4 5 6 »

ӘМІРЕНІҢ ТҰРҒЫЗЫЛМАЙ ҚАЛҒАН ЕСКЕРТКІШІ

Жарқын ШӘКӘРІМ

ӘМIРЕНIҢ  ТҰРҒЫЗЫЛМАЙ  ҚАЛҒАН  ЕСКЕРТКIШI

Аққумен ән қосқан Әмiре 1934 жылы қараша айының  5–нен  6-на қараған түнiнде 46 жасында дүниеден өттi. Оның мезгiлсiз қайтыс болуы  Бүкiлдүниежүзі десем артық болар, өз халқымыз үшiн ерекше ауыр қаза болды. Неге десеңiз  ол әлем жұртшылығын  әуездi әнiмен таңдандырғаны жұрттың есiнде едi. Әмiре қайтыс болған күннiң  ертеңiнде-ақ Республикалық мерзiмдi басылымдар дерлiк жоқтаулар жариялап қоштасты. Әсiресе «Казахстанская правда» газетiнiң 1934 жылдың 12 қараша күнгi санындағы Сәкен Сейфуллиннiң Әмiренi теңдессiз әншiге теңеген жоқтауы халқымызға ерекше әсер еттi.

Толығырақ

Ас – Тана астарында не сыр бар?

Жарқын ШӘКӘРІМ

Таза, мінсіз асыл сөз. Ой түбінде жатады. 

Ас-Тана жайлы тереңнен тебіреніп жазған мақаламды оқи отырыңыздар.

 

Ас – Тана астарында не сыр бар?

 

     VІІІ ғасырда бой көтерген Хазар қағанатының патшасы Иосиф испан еврейі Хасдай ибн Шафрут дегенге жазған хатында: «Еділ өзенінің батысынан Қара теңізге дейінгі аралықтағы Тана деген елдің халқы (Дон өзенінің төменгі ағысы), арғысы Қырымнан солтүстіктегі Юз (Түрікше «Узу» - Днепр) елді мекендерінің жұрты маған алым-салық төлеп тұрады. Бұл өзі төрт айлық жүретін жол бойындағы құмдай ығысқан көп халық» деп жазған.

Толығырақ

ТАЛАСБЕК - АРАҒА 40 ЖЫЛ САЛЫП...

Ұшқан құсқа жеткізбес қайран уақыт.
Бауыр басқан інілерімнің бірі Таласбек еді. Сол Таласбек Отан алдындағы борышын өтеп жүріп, жердің түбі  Мурманскден 1976 жылы хат жазды.

ТАЛАСБЕК:

Амандық хат

Амансыздарма Жарқын аға, жеңгей, тағы басқалар?

Халдарыңыз жақсы, дендеріңіз сау ма?

Ал менен хал жай білмек болсаңыздар халым жақсы, денім сау, бірқалыпты жүріп жатырмын. Жазған хатыңызды алдым. Қуанып қалдым. ПЛАСТИНКАМ туралы және телевизордағы хабар туралы жазыпсыз.

      Рахмет Жәке! Осының бәрі Сіздің еңбегіңіз ғой Жәке. Сіз болмасаңыз мен кімге керекпін. Халықтың алдына да шығарған Сіз ғой, Жәке!

«Ер мойнында қыл арқан шірімейді» - деген мақал бар ғой. Мен де кейін Сіздің бір керегіңізге жарармын!

Таласбек Әсемқұлов. Мурманск. 1976 жыл. 03.01.76

Толығырақ

ӘКЕМНЕН ЖАСЫРҒАН ХАТ немесе ТАНЫМАЙТЫН ТАСТАНОВ ТАҒЛЫМЫ

ӘКЕМНЕН  ЖАСЫРҒАН  ХАТ  немесе

ТАНЫМАЙТЫН ТАСТАНОВ ТАҒЛЫМЫ

Сурет салуға бала кезден бейіммін. Лениннің, Маркстың, Абай мен Ыбырай Алтынсаринның, Шоқан Уәлихановтың бейнелерін майлы бояумен салған суреттерім мектеп қабырғаларында ілінулі тұратын. Осылармен қоса қабырға газеттерінің де суреттерін мен саламын. Суретшілікпен қатар музыкаға да әуестігім бар еді. Қолыма домбыра алып мектеп клубының сахнасына шығып күй орындай алатын да мен болдым. Осындай өнеріммен мектебіміздің  маңдай алды үлгілі оқушысы, әрі суретші оқушысы, әрі домбырашы оқушысы атанғамын.  Қысқасы бүгінгі заман тілімен айтқанда мен Аягөз ауданына қарайтын (бүгіндері Үржар ауданына қарайды) Таскескен ауылындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектептің сол кездегі «жұлдыз оқушысы» болдым.  Мектепті бітіретін 1964 жылы балалық арман жетегімен суретшіліктің немесе домбырашылықтың соңына түсуге бел буып,  оқуыға бармақ болып әкеммен ақылдастым.

Толығырақ

САЗГЕН

Қазақ халқының  көне музыкалық аспаптарын зерттеудің негізін қалаған, ұлы ғалымы Болат Сарыбаевтың ғылыми тұжырымдамасының нәтижесінде және сол кездегі Қазақ ССР Мәдениет Министрінің орынбасары Өзбекәлі Жәнібековтың ұйытқы болуымен 1980 жылы астанамыз Алматыда «Республикалық халық музыка аспаптары музейі» шаңырақ көтерді. Көп кешікпей сол кездегі Қазақ ССР Мәдениет министрі Жексенбек Еркімбековтың  1980 жылдың 4 қыркүйек күнгі № 556 бұйрығымен жаңадан ашылған осы музейдің бірінші директоры болып Жарқын Шәкәрім тағайындалды.  Сол тұста Өзбекәлі Жәнібеков музейдің директоры ретінде Жарқын Шәкәрімді шақырып алып, музей жанынан «Сазген» фольклорлы-этнографиялық ансамблін ұйымдастыру жөнінде тапсырма берді. Жарқын Шәкәрім өзі жұмысқа  қабылдаған музей қызметкерлерінің күшімен, «Сазген» ансамблін ұйымдастыруға жан-тәнімен аянбай кірісті. 1980 жылдан бастап «Сазген» ансамблі жайлы мақалалар жарық көре бастады. Міне бүгін сіздердің назарларыңызға халқымыздың үлкен ғалымы, жазушы Нұрдәулет Ақышевтың осыдан 35 жыл бұрын, 1981 жылы «Қазақ әдебиеті» газетіне жазған мақаласын ұсынып отырмын. Өткен кезді еске алып оқи отырсаңыздар болады. 

Толығырақ

АҚҚЫЗ АПАМЕН АМАНДАСУ

АҚҚЫЗ АПАМЕН АМАНДАСУ

Арқада Аққыз апа деген күйші болғанын біреу білер, біреу білмес.

Осыдан 49 жыл бұрын, яғни 1967 жылы жалындаған жиырма жасымда ол кісінің ауылына іздеп бардым. Сол сапарымда Аққыз апамен емен-жарқын әңгімелестім. Бастан кешкен талай-талай, жақсы-жақсы естеліктерін айта отырып, Аққыз апа маған Тәттімбеттің «Көкейкесті» күйін үйретті. Мен ол күйді Қазақтың көне музыкалық аспаптарын зерттеу ғылымының негізін қалаған ғұлама ғалым Болат Сарыбаевтың баласы Талғат Сарыбаевтың шаңқобызда қосылып орындауында күйтабаққа жаздым.  Талғат екеуіміздің шаңқобызбен қосылып орындауымыздағы  «Көкейкесті» күйі Азаттық радиосы арқылы 20 жыл бойына  Бүкіл Еуропаға, Америкаға беріліп тұрды. Сонымен 20 жасымда жазған,  сол жылы газет бетінде жарияланған мақаламды оқыңыздар.  

Толығырақ

Қадірлі ғаламтор оқырмандары, «Zharkyn Shakarim | Жарқын Шәкәрім» сайтының көрермендері! 

Алла берген уақыт еншісінде туған жеріме, туған еліме, қазақ аспанына сүйсініп өстім. Қазақ деген ұлы халықтың ұлы болып жаратылғаныма, Ұлы дала елі қасиетін бойыма дарытқаныма өзімді шексіз бақытты санаймын. Көзіміз көріп отырған өркениет өрісіндегі ғаламтор деген өрмекшінің торындай, осы бір адам түсініп болмайтын дүниенің маңыздылығын сезіне отырып, атадан дарыған ғұмырымның келбетін, көргендерім мен түйгендерімді, білгендерімді осы ғаламтордағы өзімнің атымдағы жеке сайт арқылы өздеріңіздің алдыңызға ақ ниетпен жайып отырмын. «Өмір  өтер, керуен кетер» деген ата салтындағы уәж әрқашан ойымда жүреді. Сондықтан аға буан ұрпақтың өтіп бара жатқан легі, ұзаған сайын Абай атамыз: «Ақырын, ақырын шегініп, алыстап кетті ау құрғырлар» дегендегісіндей көмескіленіп көрінбей бара жатқаны шығар күндей шындық. «Ой түбінде жатқан сөз шер толқытса шығады. Су түбінде жатқан тас, жел толқытса шығады» деген толғаныс, тебіреністер болмай тұрмайды. Қазақ жұртының алыптары Әлкей Марғұлан, Серәлі Қожамқұлов, Сара Есова, Жүсіпбек Елебеков, Сапарғали Бегалин, Рахманқұл Бердібаев, Рымғали Нұрғалиевтер менің жігіт кезімде ақ баталарын берді. Ақ тілеу баталар мені  әлі күнге алға жетелеу үстінде келеді. Баталы қарттардың ақ пейілдерімен нарық деген мына заманға да жетіп аяңдап келемін. Қазақ Елі деген Ұлы Отаныма мысқалдай да болса үлес қоса алсам, із қалдыра алсам, менің айтқан сөздерім келер ұрпаққа мысқалдай да болса жетсе, бұл өмірдегі ұстанған принциптерімнің орындалғаны деп санаймын.
Менің сайтым – менің кітабым. Осы жазғандарым сөз жоқ баспадан кітап болып жарық көрмек. 
Құрметті оқырмандар! 
«Zharkyn Shakarim | Жарқын Шәкәрім» – сайтынан көріп оқитындарыңыз менің өмір жайлауымдағы, жеке шығармашылық бел-белестерімнің бір ғана шеті болмақ. Жастайымнан жазғандарым, ұшталған ойларым, ұшан теңіз. Сондықтан да талай-талай ізгі дүниелерімді  аманшылық болса алдағы уақытта менің есімімдегі осы жеке сайт арқылы бір-бірлеп оқитын боласыздыр. Өздеріңізге бек сенімдімін әрі тілектеспін!

01.01.2016

 

Құрметті көрермендер және оқырмандар!
Менің төмендегі өтінішімді қабыл алыңыздар!
Оның мәні:  
Менің сайтымдағы материалдарға үн қатар болсаңыз,  парасатты әрі таразыланған пікір қалдыруға шақырамын.
Ненормативті лексикадан және жеке басқа қатысты, діни, ұлттық, саяси, жарнама және басқа да сипаттағы кемсітулерден аулақ болсаңыз екен деймін.
Заңға қайшы пікір қалдырудағы жеке жауапкершілігіңізді естен шығармаңыз.
Менің, өз басым өшпенділікке, ұлтаралық алауыздық пен экстремизмді үндеуге қарсымын. Сол себепті мұндай жағдайда пікірді себебін түсіндірмей-ақ өшіруге және материалдарға пікір қалдыру мүмкіндігін кез келген сәтте тоқтатуға құқылымын.
Ізгі ниетпен Жарқын Шәкәрім.

 

 

Хостинг от uCoz