Қош келдіңіз Тіркелу RSS

Жарқын Шәкәрім | Авторлық сайт

Сейсенбі, 20.02.2018
Басты бет » Жаңалықтар
« 1 2 3 4 5 6 »

ӘНШІ ӘМІРЕ ТУРАЛЫ ШЫНДЫҚ

ӘНШІ ӘМІРЕ ТУРАЛЫ ШЫНДЫҚ

    

Қазақтың әншілік өнерін әлемге танытқан Әміре Қашаубайұлы жөнінде аз жазылып жүрген жоқ. Әнші шығармашылығы жайлы мақалалар мен кітаптар жетерлік. Алайда, талант иесінің ашылмаған ақтаңдақтарына байланысты тұсқа келгенде әркімдер әртүрлі әңгімелейді. Әсіресе, біреу айтыпты мыс, солай болған екен, деген тәрізді құлақтан құлаққа тарайтын сөздер көбірек айтылады. Жаңсақ пікірлер мен жалған сөздер де жоқ емес. Сондықтан да не жазылса да нақтылы деректерге сүйенген орынды болады деп ойлаймыз.

Толығырақ

ТАЛҒАМ ЖӘНЕ ОСАКАРОВКАЛЫҚ ДОМБЫРАЛАР

Осыдан 48 жыл бұрын, яғни 1968 жылы домбыра жасаудың проблемасын көтеріп Республикалық «Лениншіл жас» газетіне «Талғам және Осакаровкалық  домбыралар» деген мақала жаздым. Көп кешікпей осы газетте ғұлама ғалым, Қазақ көне музыкалық аспаптарын зерттеу ғылымының атасы Болат Сарыбаевтың  менің мақалама жауабы жарияланды. Мен жазған мақаланы және Б.Сарыбаевтың үн қосқан жауап мақаласын бүгінгі жас буын өкілдері біле жүрсін, бір пайдаға жаратар деген мақсатпен ұсынып отырмын. Осы мақаланы жазған жылғы Қарағандының музыкалық училищесінде оқып жүргендегі 21 жаста түскен фотосуретімді де ұсынып отырмын.

Толығырақ

ҚЫРҒЫЗ МАНАСШЫСЫНЫҢ ФОНОГРАФ ТАСПАСЫН ТАПҚАМЫН

Жарқын ШӘКӘРІМ

ҚЫРҒЫЗ МАНАСШЫСЫНЫҢ ФОНОГРАФ ТАСПАСЫН ТАПҚАМЫН

ХХ ғасыр. 1974 жылы Санкт-Петербораға сапар шегіп ондағы архив қазынасынан 1912 жылы Қырғыз манасшысы Кенжеғараның орындауында «Семетей» эпосы жазылған төрт фонограф таспасын тауып, бұл жаңалықты сол жылдары алғаш рет  еліміздің газет журналдарына жариялаған болатынмын. (Ж.Шәкәрімов «Әміре» кітабы, 1977 ж. 76 бет, «Социалистік Қазақстан» газеті 1974 жыл.) Жақында ғаламтор желісінде әйгілі манасшы Кенжеғараның қияқ аспабымен түскен суреті және Қырғыз тілінде жазылған анықтама жарияланған екен.  ХХ ғасырдың 1974 жылы Қырғыз достарға алғаш рет Кенжеғара жайлы мәлімет бергеніме мен де қабағат қуанып, бүгінгілер біле жүрсін деген ниетпен ұсынып отырмын.

Толығырақ

ПАРИЖҒА БАРҒАН ДОМБЫРА

ПАРИЖҒА БАРҒАН ДОМБЫРА

Өткен ғасырдың 50-ші жылдарында Қарағандының «Орталық Қазақстан» газетінде Оспанбай Орынтаев деген көпті көрген білгір, көсемсөзші,  майталман жорналшы ағамыз қызмет атқарды. Ол кісімен жиі-жиі хат алмасатынбыз. 1974 жылдың 7 маусым күнгі жазған хатында «Парижға барған домбыра» деген мақала жазғанын, ол мақаласы 1967 жылдың 30 қыркүйек күні «Орталық Қазақстан» газетінде жарыққа шыққанын, онда Әміреге Париж сапарында туған нағашысы Жәнібек Балғабаев деген шебердің домбыра жасап бергенін айтып, жазған хатымен қоса газетте жарияланған мақаласын да жіберген болатын. Оспанбай Орынтаевтың Әміренің домбырасы жайлы жазған сол қызғылықты мақаласын оқып ой түие отырыңыздар.  

Толығырақ

ӘМІРЕНІҢ ТҰРҒЫЗЫЛМАЙ ҚАЛҒАН ЕСКЕРТКІШІ

Жарқын ШӘКӘРІМ

ӘМIРЕНIҢ  ТҰРҒЫЗЫЛМАЙ  ҚАЛҒАН  ЕСКЕРТКIШI

Аққумен ән қосқан Әмiре 1934 жылы қараша айының  5–нен  6-на қараған түнiнде 46 жасында дүниеден өттi. Оның мезгiлсiз қайтыс болуы  Бүкiлдүниежүзі десем артық болар, өз халқымыз үшiн ерекше ауыр қаза болды. Неге десеңiз  ол әлем жұртшылығын  әуездi әнiмен таңдандырғаны жұрттың есiнде едi. Әмiре қайтыс болған күннiң  ертеңiнде-ақ Республикалық мерзiмдi басылымдар дерлiк жоқтаулар жариялап қоштасты. Әсiресе «Казахстанская правда» газетiнiң 1934 жылдың 12 қараша күнгi санындағы Сәкен Сейфуллиннiң Әмiренi теңдессiз әншiге теңеген жоқтауы халқымызға ерекше әсер еттi.

Толығырақ

Ас – Тана астарында не сыр бар?

Жарқын ШӘКӘРІМ

Таза, мінсіз асыл сөз. Ой түбінде жатады. 

Ас-Тана жайлы тереңнен тебіреніп жазған мақаламды оқи отырыңыздар.

 

Ас – Тана астарында не сыр бар?

 

     VІІІ ғасырда бой көтерген Хазар қағанатының патшасы Иосиф испан еврейі Хасдай ибн Шафрут дегенге жазған хатында: «Еділ өзенінің батысынан Қара теңізге дейінгі аралықтағы Тана деген елдің халқы (Дон өзенінің төменгі ағысы), арғысы Қырымнан солтүстіктегі Юз (Түрікше «Узу» - Днепр) елді мекендерінің жұрты маған алым-салық төлеп тұрады. Бұл өзі төрт айлық жүретін жол бойындағы құмдай ығысқан көп халық» деп жазған.

Толығырақ

Қадірлі ғаламтор оқырмандары, «Zharkyn Shakarim | Жарқын Шәкәрім» сайтының көрермендері! 

Алла берген уақыт еншісінде туған жеріме, туған еліме, қазақ аспанына сүйсініп өстім. Қазақ деген ұлы халықтың ұлы болып жаратылғаныма, Ұлы дала елі қасиетін бойыма дарытқаныма өзімді шексіз бақытты санаймын. Көзіміз көріп отырған өркениет өрісіндегі ғаламтор деген өрмекшінің торындай, осы бір адам түсініп болмайтын дүниенің маңыздылығын сезіне отырып, атадан дарыған ғұмырымның келбетін, көргендерім мен түйгендерімді, білгендерімді осы ғаламтордағы өзімнің атымдағы жеке сайт арқылы өздеріңіздің алдыңызға ақ ниетпен жайып отырмын. «Өмір  өтер, керуен кетер» деген ата салтындағы уәж әрқашан ойымда жүреді. Сондықтан аға буан ұрпақтың өтіп бара жатқан легі, ұзаған сайын Абай атамыз: «Ақырын, ақырын шегініп, алыстап кетті ау құрғырлар» дегендегісіндей көмескіленіп көрінбей бара жатқаны шығар күндей шындық. «Ой түбінде жатқан сөз шер толқытса шығады. Су түбінде жатқан тас, жел толқытса шығады» деген толғаныс, тебіреністер болмай тұрмайды. Қазақ жұртының алыптары Әлкей Марғұлан, Серәлі Қожамқұлов, Сара Есова, Жүсіпбек Елебеков, Сапарғали Бегалин, Рахманқұл Бердібаев, Рымғали Нұрғалиевтер менің жігіт кезімде ақ баталарын берді. Ақ тілеу баталар мені  әлі күнге алға жетелеу үстінде келеді. Баталы қарттардың ақ пейілдерімен нарық деген мына заманға да жетіп аяңдап келемін. Қазақ Елі деген Ұлы Отаныма мысқалдай да болса үлес қоса алсам, із қалдыра алсам, менің айтқан сөздерім келер ұрпаққа мысқалдай да болса жетсе, бұл өмірдегі ұстанған принциптерімнің орындалғаны деп санаймын.
Менің сайтым – менің кітабым. Осы жазғандарым сөз жоқ баспадан кітап болып жарық көрмек. 
Құрметті оқырмандар! 
«Zharkyn Shakarim | Жарқын Шәкәрім» – сайтынан көріп оқитындарыңыз менің өмір жайлауымдағы, жеке шығармашылық бел-белестерімнің бір ғана шеті болмақ. Жастайымнан жазғандарым, ұшталған ойларым, ұшан теңіз. Сондықтан да талай-талай ізгі дүниелерімді  аманшылық болса алдағы уақытта менің есімімдегі осы жеке сайт арқылы бір-бірлеп оқитын боласыздыр. Өздеріңізге бек сенімдімін әрі тілектеспін!

01.01.2016

 

Құрметті көрермендер және оқырмандар!
Менің төмендегі өтінішімді қабыл алыңыздар!
Оның мәні:  
Менің сайтымдағы материалдарға үн қатар болсаңыз,  парасатты әрі таразыланған пікір қалдыруға шақырамын.
Ненормативті лексикадан және жеке басқа қатысты, діни, ұлттық, саяси, жарнама және басқа да сипаттағы кемсітулерден аулақ болсаңыз екен деймін.
Заңға қайшы пікір қалдырудағы жеке жауапкершілігіңізді естен шығармаңыз.
Менің, өз басым өшпенділікке, ұлтаралық алауыздық пен экстремизмді үндеуге қарсымын. Сол себепті мұндай жағдайда пікірді себебін түсіндірмей-ақ өшіруге және материалдарға пікір қалдыру мүмкіндігін кез келген сәтте тоқтатуға құқылымын.
Ізгі ниетпен Жарқын Шәкәрім.

 

 

Хостинг от uCoz