Қош келдіңіз Тіркелу RSS

Жарқын Шәкәрім | Авторлық сайт

Сейсенбі, 20.02.2018
Басты бет » Жаңалықтар
« 1 2 3 4 5 6 »

Л.СПЕКТОР. ВОЗРОЖДЕННЫЕ ГОЛОСА

Қазақстандағы музыка аспаптары мұражайларының идеялық негізін алғаш іске асырған адам Болат Сарыбаев болды. Әлемдік музыка әдебиеттерінде ол кісі туралы ерекше аталып жазылған. Соның бірі Кеңес Одағының астанасы Мәскеу қаласының тұрғыны Л.Спектор деген журналист сол кездің өзінде «Правда» деп аталған газетке танымдық мақала жазған екен. Әрине ол кезде елімізде Қазақтың музыкалық аспаптары деген музей ұғымы, атымен де, затымен де жоқ кез болатын. Қазақстандағы музыка аспаптары музейі дегенді алғаш айтып халыққа жеткізген адам Б.Сарыбаев болды. 

Болат Сарыбаев

Төменде Ресейлік журналисттің ХХ ғасырдың 1978 жылы «Правда» газетінде орыс тілінде жазылғын мақаласы осы ойымызды дәлелдейді.

Толығырақ

РҮСТЕМ БЕТТЕГЕН БЕЛЕС

Қазақ – Кеңес заманында Талиға Бекхожина, Қайролла Жүзбасов, Бағдәулет Аманов, Тмат Мерғалиев, Беисенғали Ғизатов, Уәли Бекенов тәрізді музыка зерттеушілерімен қатарлас жүріп қызмет атқардық. Бәрі де адам баласының ала жібін аттамаған қарапайым жаны жайсаң жандар еді. Бәрі де бұл дүниеден өтті. Осы заманда солар тәрізді музыка зерттеу саласында адамдар бар ма, деген сауал туындалады. Міне осы тұрғыдан алғанда жас музыка зерттеушісі Рүстем Нүркеновтың есімін атауға әбден болады деп санаймын.

Рүстем Нүркенов

Рүстем қазақтың үш ішекті қосбұрау домбырасының дамуын зертеп, керемет еңбектер жазды. Сайып келгенде мен 50 жыл бойы үш ішекті домбырада орындаушы, әрі насихатшы болсам, Нұргүл Әкімқожа үш ішекті домбырада педагогикалық жұмыстарды дамытушы болды. Ал, Рүстем Болат Сарыбаев бастаған үш ішекті домбыраны зерттеу жұмыстарын одан әрі жалғастырып, ерекше ғылыми жетістіктерге жетті. Сонымен қатар Рүстем Нүркенов Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа тұңғыш бата берген абыз, ақын Шәкір Әбеновтың күйшілік мұрасын зерттеді. Рүстемнің  қазақ грампластинкалары жайлы жазған еңбектері де өз алдына бір төбе. Жас ғалым Рүстем Нүркеновтың музыка зерттеу саласы бойынша беттеген белесі, міне осындай. Рүстемге сәт сапар, ақ жол тілей отырып Мәскеуге барған сапарымыздан алған әсері жайлы жазған «Мәскеуде сақталған қазақ дауыстары» мақаласын назарларыңызға ұсынып отырмын. Уақыттарыңыз болса оқи отырарсыздар.

 

Толығырақ

БОЛАТ САРЫБАЕВ: ШАМҒОН ҚАЖЫҒАЛИЕВКЕ АШЫҚ ХАТ

 

Болат Сарыбаев                                            

Шамғон Қажығалиев

Сандаған ғасырлар бойы түрлі себептерге байланысты халық ішінен мүлдем жоғалып кеткен, пайдаланылудан қалған жетіген, шертер, үскірік, бұғышақ сазсырнай тәрізді көне музыкалық аспаптарды ХХ ғасырдың 60-шы жылдарында Болат Сарыбаев зерттеп, тауып, жаңғыртып халқымызға қайтарды. Әйгілі ғалым Рахманқұл Бердібаев пен көрнекті композитор Еркеғали Рахмадиев: «Жетіген мен шертерді қайта «тірілтіп» халқымызға қайтарғаны үшін ғана Сарыбаевқа ескерткіш орнату қажет», деп айтқаны да сол тұс болатын.  Қазақтың көне музыкалық аспаптарын оркестрлерге енгізу жөнінде алғаш рет жанайқаймен жазған адам да Болат Сарыбаев еді. Осы мақсатта Болат Сарыбаев Құрманғазы атындағы Академиялық халық аспаптары оркестрінің Бас дирижері Шамғон Қажығалиевке жолдаған ашық хаты ХХ ғасырдың 1979 жылы газет бетінде жарияланды. Бүгінгі таңдағы оркестрлерді де аспаптандыруда мазмұны мен маңызын жоймаған сол ашық хатты Сіздердің назарларыңызға ұсынып отырған жайымыз бар. Қолдарыңыз бос болса, уақыттарыңыр бар болса көңіл бөліп оқи отырарсыздар.

 

Толығырақ

Голос веков - Республиканский музей народных музыкальных инструментов

Здание Республиканского Музея народных нузыкальных инструментов, на пересечении улиц Панфилова и Горького в Алма-Ате. 1980 г.

Одним из главных новостей культурной жизни прошлого столетия была создание ансамбля древних музыкальных инструментов «Сазген» при Республиканского Музея Народных Музыкальных Инструментов. По поручению заместителя Министра Культуры КазССР Узбекали Жанибекова мы, работники музея, организовали ансамбль «Сазген». Будучи первым директором музея и художественным руководителем, я и мой коллектив в краткий срок организовали ансамбль. Появление ансамбля «Сазген» в казахской сцене создал большой культурный резонанс в музыкальной жизни нашей республики, так как некоторые древние музыкальные инструменты казахов звучали впервые. Не мало отзывов появились в республиканских газетах и журналах. Сегодня мы вам предлагаем статью Х.Карпыкова «Голос Веков» напечатанный в газете «Вечерняя Алма-Ата» в далеком 1981 году.

Толығырақ

"АҒАШАЯҚ" ӘНІН ӘМІРЕ АВТОРДЫҢ ӨЗІНЕН ҮЙРЕНГЕН

«Ағаш аяқ» әнін Әміре автордың өзінен үйренген, Әміреден Манарбек Ержанов, Жүсіпбек Елебеков үйренді. Жүсекеңнен Мәдениет Ешекеев, Жәнібек Кәрменов, Қайрат Байбосыновтар үйренді. Осылайша бұл ән бірден бірге жалғаса отырып, бүгінгі ұрпақтың сүйіп орындайтын әндерінің біріне айналды. Осы орайда бір айта кетерлігі «Ағашаяқ» әнінің авторы жайлы біреу білер, біреу білмес деген оймен, алдағы уақытта біле жүрсін деген мақсатпен Әмірені көзі көрген, қызық күндерді бірге өткізген Садық Қасимановтың Әміре мен «Ағашаяқ» жайлы жазған мақаласын ұсынып отырған жайымыз бар. Уақыттарыңыз болса оқи отырарсыздар.   Мақала 1974 жылы Әміре әндері жазылған фонограф таспасы табылған соң, екі жылдан кейін, 1976 жылы "Қазақ әдебиеті" газетінде жарияланды.

Толығырақ

ӘУЛИЕТАС НЕГЕ ҚИРАДЫ?

   

Сенесіздер ме сенбейсіздер ме, менің туған ауылымда 40 жылдан бері құрылысы бітпей жатқан бір су қоймасы бар. Әлі күнге бітпей жатыр. Су қоймасын салу, елдің әл ауқатын жақсарту үшін жақсы ғой әрине. Әйткенімен өткен ғасырдың 1975-76 жылдары, Кеңестік кезеңде осы су қоймасының құрылысын бастаймыз деген желеумен, белгіленген жерлерді минамен қопарып жарғанда,  осы жерді мекендеген ежелгі, көне адамдардың қолымен жасалынған, бүгінгі ұрпаққа жеткен тарихи,мәдени, көне мұраларымыздан айырылып қалған жайымыз бар. Одан бері 40 жыл өтсе де адам қолымен жасалған қиянат дүниені ұмыта алмаспын.  Осыдан 40 жыл бұрынғы көргендерімді жоқтап, бұрынырақта жазған «Әулиетас неге қирады?» деген "Қазақ әдебиеті" газетіне жазған бір мақалам бар еді. Маңызын жоймаған мақала болғандықтан қолдарыңыз бос болса оқи отырарсыздар. 

Толығырақ

МӘСКЕУ АРХИВІНДЕГІ ӘНШІ ӘМІРЕ ІЗДЕРІ НЕМЕСЕ САПАР БАЙЖАНОВТЫҢ ЖАҚСЫЛЫҒЫ

Мәскеуге сапар шегіп, Әміре әндері жазылған фонограф таспасын тауып, халқыма, туған еліме қалай жеткізсем екен деп, не істерімді білмей жүргенімде, сол кездегі «Социалистік Қазақстан» газетінің Бас редакторы, қоғам қайраткері, Сапар Байжанов ойыма келе қалмасы бар ма. Ол кісі өнерпаз жастардың талантын көре білетін, керек болған жағдайда  ақыл кеңес беретін, үлкен өнер жанашыры еді.  Мәскеуден телефон соғып мән жайды хабарладым. Өз құлағымен естіген соң Сапар Байжанов: «Бауырым, керемет жаңалық екен, құтты болсын!  Халқымыз, біздің газет арқылы естісін», деп айтқандарымды телефон арқылы қағазға жазып алды да, «Әміре Қашаубаевтың дауысы» деген тақырыппен газеттің сол күнгі санына кезек күттірместен түнделетіп, ұсынып жариялатып жіберді. 

Толығырақ

Қадірлі ғаламтор оқырмандары, «Zharkyn Shakarim | Жарқын Шәкәрім» сайтының көрермендері! 

Алла берген уақыт еншісінде туған жеріме, туған еліме, қазақ аспанына сүйсініп өстім. Қазақ деген ұлы халықтың ұлы болып жаратылғаныма, Ұлы дала елі қасиетін бойыма дарытқаныма өзімді шексіз бақытты санаймын. Көзіміз көріп отырған өркениет өрісіндегі ғаламтор деген өрмекшінің торындай, осы бір адам түсініп болмайтын дүниенің маңыздылығын сезіне отырып, атадан дарыған ғұмырымның келбетін, көргендерім мен түйгендерімді, білгендерімді осы ғаламтордағы өзімнің атымдағы жеке сайт арқылы өздеріңіздің алдыңызға ақ ниетпен жайып отырмын. «Өмір  өтер, керуен кетер» деген ата салтындағы уәж әрқашан ойымда жүреді. Сондықтан аға буан ұрпақтың өтіп бара жатқан легі, ұзаған сайын Абай атамыз: «Ақырын, ақырын шегініп, алыстап кетті ау құрғырлар» дегендегісіндей көмескіленіп көрінбей бара жатқаны шығар күндей шындық. «Ой түбінде жатқан сөз шер толқытса шығады. Су түбінде жатқан тас, жел толқытса шығады» деген толғаныс, тебіреністер болмай тұрмайды. Қазақ жұртының алыптары Әлкей Марғұлан, Серәлі Қожамқұлов, Сара Есова, Жүсіпбек Елебеков, Сапарғали Бегалин, Рахманқұл Бердібаев, Рымғали Нұрғалиевтер менің жігіт кезімде ақ баталарын берді. Ақ тілеу баталар мені  әлі күнге алға жетелеу үстінде келеді. Баталы қарттардың ақ пейілдерімен нарық деген мына заманға да жетіп аяңдап келемін. Қазақ Елі деген Ұлы Отаныма мысқалдай да болса үлес қоса алсам, із қалдыра алсам, менің айтқан сөздерім келер ұрпаққа мысқалдай да болса жетсе, бұл өмірдегі ұстанған принциптерімнің орындалғаны деп санаймын.
Менің сайтым – менің кітабым. Осы жазғандарым сөз жоқ баспадан кітап болып жарық көрмек. 
Құрметті оқырмандар! 
«Zharkyn Shakarim | Жарқын Шәкәрім» – сайтынан көріп оқитындарыңыз менің өмір жайлауымдағы, жеке шығармашылық бел-белестерімнің бір ғана шеті болмақ. Жастайымнан жазғандарым, ұшталған ойларым, ұшан теңіз. Сондықтан да талай-талай ізгі дүниелерімді  аманшылық болса алдағы уақытта менің есімімдегі осы жеке сайт арқылы бір-бірлеп оқитын боласыздыр. Өздеріңізге бек сенімдімін әрі тілектеспін!

01.01.2016

 

Құрметті көрермендер және оқырмандар!
Менің төмендегі өтінішімді қабыл алыңыздар!
Оның мәні:  
Менің сайтымдағы материалдарға үн қатар болсаңыз,  парасатты әрі таразыланған пікір қалдыруға шақырамын.
Ненормативті лексикадан және жеке басқа қатысты, діни, ұлттық, саяси, жарнама және басқа да сипаттағы кемсітулерден аулақ болсаңыз екен деймін.
Заңға қайшы пікір қалдырудағы жеке жауапкершілігіңізді естен шығармаңыз.
Менің, өз басым өшпенділікке, ұлтаралық алауыздық пен экстремизмді үндеуге қарсымын. Сол себепті мұндай жағдайда пікірді себебін түсіндірмей-ақ өшіруге және материалдарға пікір қалдыру мүмкіндігін кез келген сәтте тоқтатуға құқылымын.
Ізгі ниетпен Жарқын Шәкәрім.

 

 

Хостинг от uCoz