Қош келдіңіз Тіркелу RSS

Жарқын Шәкәрім | Авторлық сайт

Сейсенбі, 20.02.2018
Басты бет » Жаңалықтар
1 2 3 4 5 6 »

КҮЛӘН БЕРІКБОЛОВА 36 ЖЫЛ БҰРЫНҒЫ МАҚАЛА

1980 жылы Қазақ ССР Мәдениет Министрі Жексенбек Еркімбековтың бұйрығымен және ол кісінің орынбасары Өбекәлі Жәнібековтың ұйытқы болуымен, ғұлама ғалым Болат Сарыбаевтың музыкалық, теориялық негізі арқау болып «Республикалық халық музыка аспаптары музейі» шаңырақ көтеріп, оның тұңғыш директоры етіп жас музыка маманы ретінде мені бекіткені белгілі. Директор ретінде мен жаңа ашылған музейге қызметкерлер қабылдадым, қызу жұмыс атқарып музей экспонаттарын жинадық. Осы жұмыстар әрине Өзбекәлі Жәнібековтың тікелей ұйымдастыруымен жүргізілді. Сол тұста Өзағаңның – Өзбекәлі Жәнібековтың тапсырмасымен музей қызметкерлерінің күшімен «Сазген» көне аспаптар ансамблін ұйымдастырдық. Әрине музейдің директоры ретінде музыкалық жетекшілік жұмыстары маған тапсырылды.

Толығырақ

ЭДИСОН, ӘМІРЕ ЖӘНЕ МЕН

ЭДИССОН, ӘМІРЕ ЖӘНЕ МЕН

Шынымды айтсам екі ұлы адамның қатарына өзімнің аты жөнімді жазу мен үшін үш ұйықтасам түсіме келмеген дүние. Әйткенімен осы екі адамға байланысты Кеңестік заманда қайталанбас игі жұмыстар атқардым. Осы жайында кейінгілер біле жүрсін деген мақсатпен қысқаша да болса әңгімелеп берейін. 

Толығырақ

ФОНОГРАФҚА ӘН ЖАЗҒАН ПЕТРОПАВЛДАҒЫ КЕЛІНШЕК

«Социалистік Қазақстан» газеті, 1974 жыл, 3 апрель.

Архив қазынасын ақтарғанда.

Редакциядан: Газетіміздің осы жылғы 12 марттағы номерінде Букілодақтық «Мелодия» фирмасы Алматы белімшесінің музыкалық аға редакторы Жарқын Шәкәрімовтың «Әміре Қашаубаевтың дауысы» деген материалы жарияланған еді. Онда Москвадағы «Жазылған дыбыстардың мемлекеттік архивінде» қазақтың әйгілі әншісі Әміре Қашаубаевтың және Шахмет Құсайыновтың, Ғали Күзбеков, Зағифа Тіналина, Рахима Байбекова, Ғарифа Мұрсалимовалардың  дауысы жазылған валик сақталғаны айтылатын. 

Толығырақ

2017 ЖЫЛ, САРЫБАЕВ ЖЫЛЫ БОЛМАҚ

2017 жыл. 
500 жыл бойы жоғалдыға саналған, пайдаланылудан қалған Қазақтың шертер мен жетіген көне музыкалық аспаптарын ХХ ғасырда зерттеп, тауып, қайтадан жаңғыртып халқына сыйлаған

 

Толығырақ

ЕКІ ТҮРЛІ ҒАСЫР, ЕКІ ТҮРЛІ МАҚАЛА, БІР ТАҚЫРЫП. ҚҰРМАНҒАЗЫ

Мен Құрманғазы жайлы екі мақала жаздым. Әуелгісі ХХ ғасырдағы Социалистік Кеңес заманында, екіншісі осы Тәуелсіздік заманымызда.

Әуелгісін 1965 жылы 18 жасымда Қарағанды музыкалық училищесінде оқып жүрген студенті кезімде жаздым. Өнерге қанат қаққан алғашқы талпыныспен жазған сол бір мақаламды, 1967 жылы, оқып, көріп беріңіз, деп Алматыға Ахмет Жұбановқа хат жолдадым. 

Толығырақ

АҚ ТІЛЕУ!

Армысыздар ағайын!

Ақ сақалды атаның батасындай, ақ жаулықты ананың     мейріміндей  көңіл тебіренісін армандарға жетелеп, айналаға   ақ мамық қар түсті.         

Толығырақ

ЖҮСІПБЕК ЕЛЕБЕКОВ: «ЖАС ҚАЗАҚТЫҢ» ТУУЫ

Бүл оқиға 1943 жылдың ерте көктемінде Калинин майданында болды. 1942 жылдың октябрінде Алматыдан майдандағы жауынгерлер алдында концерт беру үшін бір топ өнер және мәдениет қайраткерлері шықан едік. Басшымыз — белгілі жазушы Ғабиден Мустафин. Ортамызда бәрімізден жасы үлкен ағамыз, халық артисі. Елубай Өмірзақов бар. 

Толығырақ

Қадірлі ғаламтор оқырмандары, «Zharkyn Shakarim | Жарқын Шәкәрім» сайтының көрермендері! 

Алла берген уақыт еншісінде туған жеріме, туған еліме, қазақ аспанына сүйсініп өстім. Қазақ деген ұлы халықтың ұлы болып жаратылғаныма, Ұлы дала елі қасиетін бойыма дарытқаныма өзімді шексіз бақытты санаймын. Көзіміз көріп отырған өркениет өрісіндегі ғаламтор деген өрмекшінің торындай, осы бір адам түсініп болмайтын дүниенің маңыздылығын сезіне отырып, атадан дарыған ғұмырымның келбетін, көргендерім мен түйгендерімді, білгендерімді осы ғаламтордағы өзімнің атымдағы жеке сайт арқылы өздеріңіздің алдыңызға ақ ниетпен жайып отырмын. «Өмір  өтер, керуен кетер» деген ата салтындағы уәж әрқашан ойымда жүреді. Сондықтан аға буан ұрпақтың өтіп бара жатқан легі, ұзаған сайын Абай атамыз: «Ақырын, ақырын шегініп, алыстап кетті ау құрғырлар» дегендегісіндей көмескіленіп көрінбей бара жатқаны шығар күндей шындық. «Ой түбінде жатқан сөз шер толқытса шығады. Су түбінде жатқан тас, жел толқытса шығады» деген толғаныс, тебіреністер болмай тұрмайды. Қазақ жұртының алыптары Әлкей Марғұлан, Серәлі Қожамқұлов, Сара Есова, Жүсіпбек Елебеков, Сапарғали Бегалин, Рахманқұл Бердібаев, Рымғали Нұрғалиевтер менің жігіт кезімде ақ баталарын берді. Ақ тілеу баталар мені  әлі күнге алға жетелеу үстінде келеді. Баталы қарттардың ақ пейілдерімен нарық деген мына заманға да жетіп аяңдап келемін. Қазақ Елі деген Ұлы Отаныма мысқалдай да болса үлес қоса алсам, із қалдыра алсам, менің айтқан сөздерім келер ұрпаққа мысқалдай да болса жетсе, бұл өмірдегі ұстанған принциптерімнің орындалғаны деп санаймын.
Менің сайтым – менің кітабым. Осы жазғандарым сөз жоқ баспадан кітап болып жарық көрмек. 
Құрметті оқырмандар! 
«Zharkyn Shakarim | Жарқын Шәкәрім» – сайтынан көріп оқитындарыңыз менің өмір жайлауымдағы, жеке шығармашылық бел-белестерімнің бір ғана шеті болмақ. Жастайымнан жазғандарым, ұшталған ойларым, ұшан теңіз. Сондықтан да талай-талай ізгі дүниелерімді  аманшылық болса алдағы уақытта менің есімімдегі осы жеке сайт арқылы бір-бірлеп оқитын боласыздыр. Өздеріңізге бек сенімдімін әрі тілектеспін!

01.01.2016

 

Құрметті көрермендер және оқырмандар!
Менің төмендегі өтінішімді қабыл алыңыздар!
Оның мәні:  
Менің сайтымдағы материалдарға үн қатар болсаңыз,  парасатты әрі таразыланған пікір қалдыруға шақырамын.
Ненормативті лексикадан және жеке басқа қатысты, діни, ұлттық, саяси, жарнама және басқа да сипаттағы кемсітулерден аулақ болсаңыз екен деймін.
Заңға қайшы пікір қалдырудағы жеке жауапкершілігіңізді естен шығармаңыз.
Менің, өз басым өшпенділікке, ұлтаралық алауыздық пен экстремизмді үндеуге қарсымын. Сол себепті мұндай жағдайда пікірді себебін түсіндірмей-ақ өшіруге және материалдарға пікір қалдыру мүмкіндігін кез келген сәтте тоқтатуға құқылымын.
Ізгі ниетпен Жарқын Шәкәрім.

 

 

Хостинг от uCoz