Қош келдіңіз Тіркелу RSS

Жарқын Шәкәрім | Авторлық сайт

Дүйсенбі, 28.05.2018

ТАСКЕСКЕН – ТУҒАН ЖЕРІМ, АЛТЫН БЕСІГІМ!

ХХ  ҒАСЫР. 1960 ЖЫЛ. ТУҒАН АУЫЛЫМНЫҢ КӨНЕ ДҮНИЕ МӘДЕНИЕТІН АШТЫМ!

Мектеп - білім тірегі. Ұстаз - оның жүрегі. 1953-1964 жылдар аралығында  мен оқып бітірген Таскескендегі Ыбырай Алтынсарин атындағы 11 жылдық мектеп.


    Заман өзгерсе де туған жер өзгермек емес. Әркімге туған жер ыстық. Бал дәуренді балалық шақты,  кім сағынбас. Сағынған сәтте өткен күнде сен не бітірдің, не тындырдың, деген ой мазалайды емес пе. Ал менің бұл сұрақтарға жауабым жеткілікті. Мен Таскескен ауылының көнеден жеткен мәдениетін ашуға себепкер болдым. Неге десеңіз, Таскескеннің  көне тас ескерткіштері жайлы  менен бұрын жазған адам болған емес. Иә,иә Таскескен ауылының көне дүние мәдениетін аштым.
Мұны айтқан мен емес Академик Әлкей Марғұлан. Өткен ХХ ғасырдың 60-шы жылдарынан бастап Республикалық газеттерде Таскескендегі Әулиетас үңгірі жайлы, балбал тастар мен сынтастар жайлы, шарбақ тастар мен мыңдаған пиктографиялық таңба-жазулар жайлы жазған сандаған зерттеу мақалаларымды бағалап ол кісі маған осылай деп баға берді. 
    Айтатын әңгімем дәлелді болуы үшін төмендегі естелікке үңілейік.  ХХ ғасырда, 1969 жылдың 27 маусым күні «Лениншіл жас» газетінде жарияланған «Үшбұлақ-Таскескен таңбалары» деген кезекті бір мақаламды оқыған соң Әлкей Марғұлан Алматыдағы үйіне шақырып алып: «Белгісіз жатқан Таскескен деген ауылдың көнеден жеткен мәдениетін алғаш жеткіздің балам, жүздеген тарихи тас мұралардың бейнесін қағаз бетіне түсірдің, бұл сенің қазақ ғылымына қосқан ұшан теңіз, жаңалығың, дегені есімде». Содан, ол кісі мені әрдайым жанына бір табан жақын тартып жүрді. Ал мен болсам, кезінде Семей атом полигонының жерасты жарылыстарының алапат дүмпу- сілкіністері салдарынан шатынаған сол маңдағы таулардың жотасынан жерге құлап түскен көне таңбалары бар тас сынықтарын жинап, қапқа салып, Таскескен ауылынан Аягөзге жеткізіп, пойызға тиеп, Алматыға, тура Әлкей ағаның үйіне әкелгенім бар. Содан тарихи және мәдени мұраға еңбегім сіңген бозбала есебінде 1976 жылдың жазында астанамыз Алматыда өткен Қазақ ССР мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамының ІІ съезіне мені делегат етіп қатыстырды. Сол съезде қоғамның төрағасы Ниязбековтің баяндамасына ілігіп, менің өнер мұрасына деген жанашырлығым туралы жап-жақсы пікірлер айтылып, бала көңілімді аспанға шығарған болатын. 
    Таскескен ауылы Сталин заманында, Социализм кезінде  Ворошилов атындағы колхоз еді. Одан «Қазақстан» қой совхозы болып өзгерді. Заман ауысты. Бұл күндерде Шығыс Қазақстан облысындағы Үржар ауданына қарасты Қоңыршәулі ауылдық округінің орталығы.

Таскескендегі таңбалы тастар жөнінде мен бастаған жолды жалғап, менен кейінгі жылдарда өте құнды мәліметтер жинап, еңбек еткен екі бауырымның есімдерін осы орайда атап өтуді орынды санаймын. Олардың бірі мен жүріп өткен жолдың ұңғыл шұңғылын аралап шығып көзімен көрген, өзі де сол мекен жайда тұрып жатқан, Таскескен көне мәдениеті жайлы кітап жазған Оразанбай және Таскескен өңірін өте-мөте зерттеп ғаламтор арқылы әлем жұртына жеткізген Мұхамедрахым Құрсабаевтың еңбектерін еркше атап өткенді орынды санаймын. Туған жерім Таскескен болғандықтан осы екі баурымның жазғандары халқым үшін де және мен үшін де әрдайым ыстық. Айтар ойымды тобықтай түйіндей келе туған мекенім Таскескен жайлы бұл айтқандарымда, жылдар бойы жабулы қазанда жатқан кейбір деректерді еске түсіріп, өздеріңізге жетсе, ұрпақ назарына ілінсе, біле жүрсе деген ниетпен өткен ғасырдың 1964 жылы өз қолыммен салған Таскескен тас мұраларының кейбір кескін келбетін ұсынып отырмын.

Пиктографиялық жазу.
Жарқын Шәкерімнің «Таскескен тастары» альбомынан. 
Автордың 1964 жылы қарындашпен салған суреті.
Сурет, «Жас алаш» газетінің 2001 жылғы, 13 қараша күнгі санында жарияланды.

Кемпіртас.
«Таскескен тастары» альбомы. 
Жарқын Шәкерімнің 1964 жылы қарындашпен салған суреті. 
Сурет, «Жас алаш» газетінің 2001 жылғы, 13 қараша күнгі санында жарияланды. Кемпіртастың фотосурет нұсқасы «Қазақ әдебиеті» газетінің 1976 жылғы, 24 қыркүйек күнгі санында жарияланған.

Ресейдің «Советская культура» газетіндегі, Таскескеннің тас мұралары жайлы жазылған мақаланың жарыққа шығуына себепкер болдым. («Советская культура» газеті, 1976 жыл 24 тамыз)

«Ауызкөң» деген жердегі тас мүсін.
Жарқын Шәкерімнің «Таскескен тастары» альбомынан. 
1964 жылы қарындашпен салған суреті. 
«Жас алаш» газетінің 2001 жылғы, 13 қараша күнгі санында жарияланды

«Ортакөң» деген жердегі таңба.
Жарқын Шәкерім. «Таскескен тастары» альбомы. 
Автордың 1964 жылы қарындашпен салған суреті. 
«Жас алаш» газетінің 2001 жылғы, 13 қараша күнгі санында жарияланды

«Ортакөң» деген жердегі таңба.
Жарқын Шәкерім. «Таскескен тастары» альбомы. 
1964 жылы автордың қарындашпен салған суреті. "Жас алаш" газеті. 2001 жыл,13 қараша. 

Жарқын Шәкерім. "Таскескен тастары" альбомы. Таскескендегі қаз қатар тізбектелген тас мүсіндер, обалар, мықтың үйлері.1964 жыл.Автордың қарындашпен салған суреті.


Өшуге айналған адам таңбасы. Жарқын Шәкерім. "Таскескен тастары" альбомы.

1964 жылы автордың қарындашпен салған суреті.

"Әулие тас" ("Тас әулие") үңгірі. Жарқын Шәкерім. "Таскескен тастары" альбомынан. 1964 жылы қарындашпен салған суреті.

Хостинг от uCoz